You are here

ШҚО-да ұсталған адамға электрошокер қолданған полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі заңды күшінде қалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотында, электрошокер қолданып соққыға жыққаны үшін айыпталған Катон-Қарағай АІІБ-нің полиция инспекторына қатысты сот үкімі заңды күшінде қалтырылды. Катон-Қарағай аудандық соты бұның алдында полиция қызметкерін, лауазымды адаммен күш қолдану арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып 5 жыл мерзімге  қамауға үкім еткен болатын.

Сот процесі барысында анықталғандай, учаскелік полиция инспекторы А. Үлкен Нарын ауылындағы полиция бөлімшесіне мас күйінде жеткізген  азамат Б. ешбір себепсіз жұдырығымен бірнеше рет іш және кеуде тұсына соққылар жасаған. Ары қарай, элекрошокер көмегімен жәбірленушінің денесіне қасақана дене жарақатын келтіре бастаған. Тоқтың әсерінен азамат Б. денесінде күйіктер пайда болған. Осыдан кейін, учаскелік полиция инспекторы ер адамды ауыл сыртына апарып тастап кеткен.

Орын алған оқиға жайындағы іс құжаттары ШҚО прокуратурасына түскен, одан кейін тергеумен жемқорлыққа қарсы қызметі айналысқан.

Қадағалау саласының өкілі мемлекеттік айыптаушы сот процесі барысында сотталушыны кінәлі деп тануды соттан сұраған.

Нәтижесінде полиция қызметкеріне өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқарудан айырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуі тиіс.

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.