You are here

ШҚО кейбір кәсіпорындар жұмыста мертiгуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердiң құқықтарын бұзуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

ШҚО прокуратурасы заңдылықты сақтау тексеруін жүргізу барысында жұмыс берушілер тарапынан жұмыста мертiгуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердiң құқықтарын бұзылу фактілерін анықтады.

Қадағалау органы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарының қорғалуы жағдайының ауқымды талдауын жүргізді.

Анықталған өзге бұзушылықтармен қатар, прокурорлар жұмыс берушілермен өндірісте мертігуі, науқастануы себепті мүгедектік тағайындалған жұмысшыларының құқықтарын сақтамауын анықтады.

Тек қана ішінара жүргізілген тексерумен 2015-2017 жылдары аралығында аталған санаттағы 33 мүгедектің 18-не жұмыс беруші тарапынан заңмен кепілдендірілген көмек берлімегендігі белгілі болды.

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы кәсіпорындар, ұйымдар әкімшіліктеріне жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертiгуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер алдында бірқатар міндеттемелер жүктеген.

Мысалға, компания өндірісте зардап шеккен мүгедек қызметкерлерін (бұрын жұмыс істегендерді қоса алғанда) санаторий-курорттық емдеумен, арнайы қозғалу құралдарымен, көру және есту қабілеттерін артырушы аспаптармен қамсыздандыруға, мүгедектің шектеулі мүмкіндіктерін ескере отырып, мекеме аумағында жүріп-тұруына жағдай жасауға, арнайы жұмыс орнын қамдауға мүндетті.

Алайда, күнделікті өмірде заңнама талаптары үнемі сақтала бермеуде.

Осыған орай, ШҚО прокуратурасы жұмыс берушілерге мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерінің құқықтарына қатысты заң талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Өз кезегінде, жұмыс берушінің кінәсінен мертiгуі немесе кәсiптiк ауруға шалдығуы себепті мүгедектікке шыққан тұлғалар жұмыс беруші тарапынан құқы бұзылған жағдайда, қадағалау органына келесі байланыс телефоны арқылы хабарласа алады - 8 (7232) 243299.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.