- Қаз
- Рус
- Eng
You are here
ШҚО колонияларында мүмкіндіктері шектеулі сотталғандар жұмыспен қамтылды


ШҚО прокуратурасы Бас прокуратураның «Колонияларды жұмыспен қамту - 2017» жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, қадағалау органы сотталған мүгедектерді жұмыспен қамтылуына аса көңіл бөлуде.
Іс-шара шеңберінде түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген мүгедектердің қабілеттері ескеріліп өндірістер ашылуда. Нәтижесінде олар еңбектенуге, ақша табуға, қылмыспен келтірген залалдарын өтеуге мүмкіндіктері пайда болды.
Мысалы, тек ОВ-156/2 мекемесінде екі мүгедек жұмыспен қамтылды, олардың біреуі себет тоқып, екіншісі жәдігерлерді жасайды.
Тұтас алғанда, аумақ бойынша 3 200 еңбекке жарамды сотталғандардың жалақы төленетін жұмысқа 2 400 (75%) орналастырылды. 54 кәсіпкер колонияларда өз бизнестерін ашты. 13 сотталған жеке кәсіпкерлікпен айналысады (жиҺаз, құрылыс материалдары мен жәдігерлер шығарады, метал және ағаш өңдеумен айналысады, құстар мен қояндарды өсіреді).
Кәсіпкерлер үшін ыңғайлы жұмыс кестесі құрылып, көлікті өткізу және қараудың арнайы схемасы қарастырылып, бірқатар тренинг мен оқыту семинарлары ұйымдастырылған.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу