You are here

ШҚО мүгедектер қателесіп бюджетке 40 миллон теңге шамасында төлем жасаған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ШҚО прокуратурасы аумақ мүгедектері ұзақ мерзім бойында төлеуден босатылғанына қарамастан түрлі салықтар мен алымдарды бюджетке өтегенін анықтады.

Нақтырақ айтқанда, талдау шарасымен 2015 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың маусымы аралығында өңірдің 12 128 мүгедегі мемлекет қазынасына 40 миллион теңге шамасында төлем жасағаны анықталды. Төлемдер мүгедектердің олардан заңмен босатылғанына қарамастан жасалған. Қарастырылып отырған уақыт аралығында мүгедектер жер және мүлік салығын, мүлікті мемлекеттік тіркеу алымдары мен өзге мемлекеттік баждарды бюджетке өтеп келген.

Заң бойынша, мүгедектер негізсіз мемлекет қазынасына ақша төлемдерін жасаса, бұл ақша сомалары мүгедектің арызы негізінде қайтарылуға жатады.

ШҚО прокуратурасы білместікпен бюджетке төлем жасаған мүгедектерге аумақтық мемлекеттік кірім органдарына жүгінуге шақырады.

Мемлекеттік баж төлемдерін қайтару өткен 3 жылға жасалса, салықтар соңғы 5 жыл бойынша қайтарылады.

Төленген САЛЫҚТАР сомаларын қайтару үшін мүгедектерге аумақты мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет.

АЛЫМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДАР сомаларын қайтару үшін тіркеу немесе рұқсаттама әрекеттерін жасаған органдардан төлемді қайтару негізділігі бойынша қорытынды алып, соңынан салық органына бару қажет.

Төлемді қайтару арызына банктегі есеп-шоттың барлығын растаушы құжат пен төлемнің жасалғанын растаушы түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі қажет.

Өз кезегінде, қадағалау органы мүмкіндігі шектеулі жандар келесі бюджетке келесі төлем жасаудан босатылғандығын естеріңізге салады:

-      жеке тұлғалармен төленетін мүлік, ауылшаруашылық нысандағы жерлер, елді мекендегі жерлер үшін салықтардан,

-      жылжитын мүлік кепілін, жылжымайтын мүлікке, авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша алымдардан,

-       нотариалдық әрекеттерді куәландыру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жеке тұлғаны куәландырушы құжаттар беру, мемлекеттік номерлік белгілер беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық әрекеттерді растау,  соттарда құжат тапсыру үшін төленетін мемлекеттік баждардан.

 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.