You are here

ШҚО прокуратурасы алимент бойынша борышкерлерге жұмысқа тұруға көмектесуде.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы жұмыспен қамту органдарымен бірлесе отырып алимент бойынша борышкерлерге өз балаларына төлемді уақыты төлеу үшін оларға жұмысқа тұруға көмектесуде.

         Алимент төлеу мәселесі Шығыс Қазақстан облысы үшін өте ерекше орында. 2013-2016 жылдары облыс бойынша жыл сайын 10 мыңнан 13 мыңға дейін неке тіркелген. Ал ажырасудың саны орташа алғанда 5 мыңды құрайды, оның 60-70% ортақ кәмелет жасқа толмаған балалары бар жанұяларға тиесілі. Сот орындаушыларына жыл сайын 3-4 мыңның көлемінде алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттары келіп түседі.

         Облыс прокуратурасымен бір жылдан аса уақыт бойы ҚР Бас прокуратурасының «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні милиардтан аса теңге қарыз өндірілді. Іс-шара аясында қадағалаушы ведомство қарыздарды азайтудың және кедергілерді шешудің тиімді жолдарын іздеуге тырысуда. Прокуратураның талдау нәтиежесінде анықталғандай, азаматтардың өз балаларын қамтамасыз етуге асықпауының бірден-бір себебі, ол борышкерлердің көп бөлігінің тұрақты жұмыс орнының болмауы. Алиментті төлеу үшін оларды жұмысқа тұруға міндеттеу заң бойынша мүмкін емес. Сол себепті, ШҚО прокуратурасы борышкерлерге өздеріне келетін жұмыстарды табуға көмек көрсету үшін бірқатар шараларды қозғады.

         Қадағалаушы ведомство жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, жұмыссыз борышкерлердің есепке алынып әрі қарай жұмысқа тұру үші көмек көрсетуде. Ол үшін сот орындаушылары азаматтардың мамандығын сай жұмысқа орналасуға болатын жұмыспен қамту бөлімдері арқылы борышкерлерге хаттар жолдайды.             

Прокуратура, бұл жаңалықтар мынадай негізі мәселені шешеді деп санайды: егер борышкер жұмысқа орналасса – ол алимент бойынша берешекті төлей алады, нәтиежесінде, арыз-шағымдардың саны азаяды.

Қадағалаушы ведомство жоба аясында қабылданған іс-шаралар барлық өңірлерде алимент бойынша берешектің күрт азаюына көмектесетініне сенім білдірді.  

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы      

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.