You are here

ШҚО прокуратурасы азаматтарға әлеуметтік желілерде экстремистік материалдарды жариялағаны үшін сотталуы мүмкін екенін түсіндіреді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

2015 жылдан бастап, облыстың арнайы және құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде экстремизмді насихаттау жөнінде  6 оқиғаны тіркеген. Қадағалау органы азаматтарға әлеуметтік желіде экстремистік хабарламаның репосты үшін қылмыстық жазаға тартылатынын хабарлайды.

Облысымызда 2 жыл ішінде әлеуметтік желілерде экстремистік жарияланымдарды орналастырғаны үшін 5 адам сотталған, ал, осы тектес  2 қылмыстық іс өндірісте. Пайдаланушылар аумақтық біртұтастылықтың бұзушылықтарына және діни араздыққа себеп болатын ақпаратты таратқан.

ШҚО прокуратурасы Қазақстан Республикасының  2005 жыл  18 ақпандағы «Экстермизмге қарсы әрекет ету туралы» Заңымен заңсыз әрекеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік желілер мен байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынатыны туралы хабарлайды.    

Азаматтар көп жағдайда бастапқы (түпнұсқа) жарияланым мен оны қайталап жариялағаны (репост) үшін заңға сәйкес жауаптылық жүктелетінін білмейді. Репост — бұл ақпаратты тарату, яғни, түпнұсқа хабарламаны қайталап жариялау үшін жазаға тартылу мүмкін.     

Егер интернет-пайдаланушы өзінің парақшасында сотпен тыйым салынған, яғни, рұқсат етілмеген шеруге қатысуға шақыру, адамның жеке өмірі туралы құпиялы ақпаратты немесе осындай ақпаратқа сілтеме жарияласа, оған айыппұл салынады немесе ол бас бостандығынан айырылады.   

Тыйым салынған экстремистік материалдардың тізімі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есептер Комитетінің сайтында жарияланған (pravstat.prokuror.kz).  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.