You are here

ШҚО прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында мемлекеттік органдарымен кәсіпкерлерді іріктеп тексеруін жоспарлау кезіндегі заңдылықтың жай-күйін талдады.

ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында осындай 47 шара жоспарлағанын анықталды. Оның тізіміне 16 шағын, 8 орта 23 ірі бизнес субъектісі енген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмысшылар саны 250-ден аспайтын кәсіпорындарға ғана тексеру жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, осы ұйымдар  адамның денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы жоғары, атап айтқанда, тау-кен, өңдеу, энергетика, сумен қамту, ауыл, орман, балық шаруашылығы, көлік саласында қызмет етуі тиіс. Яғни, осындай кәсіпорындарға ғана тексеру жүргізіледі. 

Орта және шағын бизнес субъектілері іріктеп тексеру тізіміне заңсыз енгізілгені анықталды, себебі, осы ұйымдарда жұмысшылар саны 250-ден аспайды. Сонымен қатар, прокуратура талдау кезінде жұмысшылар саны 250-ден аспайтын кәсіпорындарды тізімге заңсыз енгізілгенін анықтаған, яғни, оларды тексеру үшін негіздер болмаған.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша ұсыныс енгізіліп,  қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.