You are here

ШҚО прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің басқармасымен бірлесіп жергілікті атқарушы және құзіретті органдардың өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес жүргізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің басқармасымен бірлесіп жергілікті атқарушы және құзіретті органдардың өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес жүргізді - 863040061

 

     Семинар барысында қатысушыларға Комитетпен өңдірілген ақпараттық-аналитикалық жүйелердің ресурстарының мүмкіндіктері толық түсіндірілді.

     Мысалы, 2016 жылдың аяғында Қазақстанда ғаламторды пайдаланушылардың барлығына қол жетімді «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың Картасы» порталы іске қосылды. Бұл портал арқылы онлайн-режимде қылмыстылықтың дәрежесі туралы мәліметтерді алуға, жасалған қылмыстардың уақытын көрсете отырып геолокациясын қарауға және тұрғылықты бекеттердің аса көп криминогендік аудандарын көруге болады. Сондай-ақ, Картада полиция телімдерінің орналасуы туралы деректер ұсынылған.

      Нақтыланған ашық статистика азаматтарға жылжымайтын дүние-мүлікті сатып алған кезде, пәтерлерді жалға алған кезде, сондай-ақ, өз балаларыныз үшін қауіпсіз бағдар құру кезінде көмектеседі. 

     Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ресми сайтында өндірілген және енгізілген басқа ақпараттық сервис азаматтарға көлікті сатып алар кезде, көлік ЖКО қатысқандығын тексеруге көмектеседі. Бұл үшін ғаламтор-порталда көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмерін немесе сәйкестендіру нөмірін көрсету қажет. 

     Сонымен қатар, Комитеттің сайтында полицияға арыз жазуға, мемлекеттік органдарға жолданған өз жүнуіңізді қарауды, алменттерді төлемеушілерді іздеуге және кәсіпкерлекерлердің тексерулерінің заңдылығы туралы білуге болады.

      31 наурызда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті бизнесмендер үшін «Qamqor» мобильдік қосымшасы шығарылған. Бағдарлама бизнестің заңсыз тексерулерін анықтау үшін арналған. Қосымшаның көмегімен екі бұзушылықты анықтау мүмкін болды. Бірінші жағдайда прокуратураға Өскемен қаласының бала бақшаларының бірінің меңгерушісі жүгінді. Ол білім басқармасының бас маманы ескертусіз тексеруге келгендігіне шағымданды. Тағы бір жүгіну Жезкент кентіндегі екі азық-түлік дүкендерінің иесінен келіп түсті. Оған тексерумен Бородулиха ауданының қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының қызметкері келген. Нәтижесінде заңсыз тексерулерді жүргізгендігі үшін мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартты.

     Сондай-ақ, электрондық хаттамаларды құрастыру бойынша, мақсаты әкімшілік өндірісті электрондық форматқа аудару болып табылатын Комитетпен «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізімі» (ӘҚББТ) пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Осыдан былай, жол жүру ережесін (ЖЖЕ) бұзғандығы үшін хаттаманы толтырғанда, адамның ЖСН енгізу жеткілікті, бақа деректерін жүйе береді.

     Семинардың аяғында Комитеттің басқарма бастығының м.а. Сматова Назигуль айтқандай, ақпараттық-аналитикалық жүйелердің техникалық мүмкіндігін енгізу және пайдалану құзіретті органдардың қызметтерінің айқындығын қамтамасыз етуге және олардың жұмыстарын оңтайландыруға рұқсат береді. Бұл мемлекеттік билік органдарына халық сенімінің дәрежесін көтеруге оң әсерін тигізеді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.