You are here

ШҚО прокуратурасы қылмыстық процессте медиация институтын дамыту мәселелері бойынша

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасы  қылмыстық процессте медиация институтын дамыту мәселелері бойынша - 1166980743

ШҚО прокуратурасы  қылмыстық процессте медиация институтын, сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарды тағайындау және орындау жөнінде сот тәжірибесін әрі қарай дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.   

Облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Бижановтың төрағалығымен өткізілген іс шараға  облыстық соттың, ішкі істер Департаментінің өкілдері, сонымен қатар, облыс медиаторлары мен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қатысты.

2011 жылдың 28 қаңтарында дауларды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заң қабылданды. Дауласқан тараптарды татуластыру рәсімі тартыс ахуалын шешетін келісімшарттарды құрастыру және өзара іс-қимылдарға қол жеткізу мақсатында келіссөздер жасап, бейтарап тұлға – медиаторды тарту заң жүзінде бекітілді. Аталмыш Заң 6 жыл қолданыста, алайда, аумақта қылмыстық сот өндірісінде кеңінен қолданылмайды, - деді 10-шы Басқарманың бастығы Б.Н.Жангүдеева.  

Талқылау барысында қатысушылар тергеу органдары және сот инстанциялары медиация институтын қолданбау себептерін анықтап, медиативтік келісімдер нақты жасалған соң, оларды нақты орындау мәселелеріне көбірек көңіл бөлетінін атап өтті.   

Осы институтты дамыту және медиативтік келісімдерді сотқа дейінгі жасау мүмкіндігі туралы халыққа хабарлау мақсатында тәжірибе ретінде Өскемен қаласының бір полиция бөлімінде кезекші медиатор кабинетін ашу туралы шешім қабылданды. 

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары «Медиация туралы» Заңын жетілдіру  және бірқатар өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы пікірін білдірді. Облыс медиаторлары енгізілген мәселенің өзектілігін және  медиативтік келісімдердің жасалуын реттейтін қолданыстағы заңнаманға өзгертулерді енгізу бойынша прокуратураның ұсынысын оңды бағалады. Ұсыныстар ҚР Бас прокуратурасына жолданады.

Екіншіден, облыс прокуратурасының «Қоғамдық жұмыстар – тәртіпті азаматты тәрбиелеу» атты жеке жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды, оның барысында осы жаза түрлерін тағайындау және орынлдау мәселелері талқыланды.

Осы мәселені шешуде облыстық және қалалық соттарының судьялары, жергілікті атқарушы органдары мен пробация қызметінің өкілдері өз көзқарастарын білдіріді. Жазаларды ауыстырған кезде қоғамдық жұмыстардың тізімін кеңейтуін, халықаралық тәжірибенің жеке ережелерін енгізу мүмкіндігін, қоғамдық жұмыстардың мерзімдерін ұзартуын барлық қатысуышар қолдады.       

Дөңгелек үстелді өткізу қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар Қазақстан Республикасының  Бас прокуратурасына жолданатын болады.

 

ШҚО прокуратурасының 10-шы басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.