You are here

ШҚО прокуратурасы қылмыстық процестің модернизациялауын жариялады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасы қылмыстық процестің модернизациялауын жариялады - 609406039

ШҚО прокуратурасы экономикалық тергеу қызметімен  бірлесіп қылмыстық процесті реформалау жөнінде брифинг өткізді. Қадағалау органы жаңадан енгізілген өзгерістер тергеу мен азаматтардың арасында туындайтын қатынастың оңайлататындығын және де келешектегі болатын өзгерістер жөнінде мәлімдеді.

Брифингте құқық қорғау органдарының өкілдері және түрлі БАҚ корреспонденттері қатысты.

- Қылмыстық процестің ең маңызды бағыттарының бірі болып адамның құқықтарын  қорғалуын жоғарлату болып табылатындығын, - ШҚО прокуратурасының бірінші басқармасының басшысы Айдос Оспанов мәлімдеді. - Прокуратура қамауға алмаудың негіздерінің тізімін кеңейту ұсынды. Мысалы экономикалық қылмыстарға байланысты. Сонымен қатар қамауға алудың мерзімін біршама қысқартып, заңмен тергеу шегінен шығатын дәлелдеме құжаттарды жинауға тыйым салуды ұсынды. Аталған жұмыстарды біз ішкі істер Департаментімен жасадық. Атап айтқанда  тергеушілердің айқын кабинеттері ашылған. Барлықтарыңызға белгілі болғандай көптеген айыпталушылар полиция қызметкерлері тарапынан азаптау фактісі орын алатындығын көрсетеді. Сол себепті жауап алуды неғұрлым айқын болуы үшін Өскемен және Семей қ.ІІБ жауап алуға арналған  7 айқын кабинеттер ашылды. Сонымен қатар барлық полиция бөлімдерінде кезекші прокурор кабинеттері ашылды. Қадағалау органының қызметкері тек сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын тексеріп қоймай сонымен қатар азаматтардың сұрақтарын жедел түрде шешуі басты мақсат болып табылады.

Жоспарланып жатқан ноу-хау сыбайлас жемқорлықтың және дәлелдемелердің бұрмалау фактілерін жоюға арналған. Полиция қызметкерлері арнайы видеорегистраторлармен жабдықталады. Мысалы дәлелдеме заттарды алу кезінде видеотаспаға түсіріледі.    

Қорытындылай келе барлық жиналған құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық процесті модернизациялауға арналған жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.