You are here

ШҚО прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі үш тұлғаның құқының сақталуын қамтамасыз етті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Прокуратурамен мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтарының бұзылуы жайтары бойынша хабарласу ұсынылысымен, небәрі бірнеше күн аясында үш мүгедектен сәйкес шағым түсті. Барлық жағдайларда мүгедектерге жедел көмек көрсетілді.

Прокуратурамен танымал интернет-сайттарда және әлеуметтік желілерде мүгедек жандардың шешімін таппаған мәселелері бойынша қадағалау органына жүгіне алатындығы жарияланған болатын. Айналасы бірнеше күннің ішінде үш азамат туындаған мәселелерімен прокуратураға хабарласты.

Бірінші жағдайда көзінің кемістігі бойынша мүгедектік бекітілген тұлғаның құқы қорғалды. Егде азамат ондаған жылдар бұрын өндірісте зақым алған. Осы себепті жұмыс беруші мүгедекке ай сайын өтемақы төлеп келген. Бірақ, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында құжаттардың тиісті ресімделмеуі себепті төлемдер тоқтап қалған.

3-Басқарма мүгедек азамат пен кәсіпорын басшылығы арасында өзара түсіністікке негізделген байланыс орната алды: таяу мерзімде мүгедек жан тиісті төлемдеріне қол жеткізеді.

 

Екінші жағдайда шығысқазақстандық жиһаз жасау цехында жұмыс істей жүріп ауыр жарақаттанған. Зақым кеселінен азаматтың аяғының кесіп тастауы орын алған. Бес жыл бойында өндірістік зақым орын алған мекеме мүгедекке арнайы қозғалу құралдарын (балдақ, кресло-арба) алып беруге жәрдемдескен. Алайда, 2011 жылы фирманың сатылуы, соңынан жабылуы себепті, мүгедек тиісті көмегін алмаған. Прокуратура мүгедек азаматқа заң талаптарын түсіндіріп, нәтижесінде бүгінде мүгедек жанға жеке оңалту бағдарламасы әзірленуде. Жұмыс істеген мекемесі қызметін тоқтатуы себепті, көмек мемлекет тарапынан берілетін болады.

Үшінші жағдайда қалалық азамат өткен ғасырдың 70-жылдары көз ауруы бойынша 3-топ мүгедектігіне шығарылған. Ағымдағы жылдың басында азамат ЖКО салдарынан аяғынан мертіккен. Аталған жайт негізінде мүгедектікке шығу мәселесі бойынша бастапқы кеңесте мамандар мүгедектің талабын қанағаттандырмаған. Облыс прокуратурасы мүгедектің медициналық-әлеуметтік сараптама дәрігерлерінің қайталама кеңесінен өтуіне жәрдемдесіп, қосымша тағайындалған зерттеулер нәтижесі азаматқа мүгедектік тағайындау белгілері бар екендігін көрсетті. Азаматқа мүгедектікке куәландырудан өту тәртібі түсіндірілді.

Шағымдары қанағаттандырылған мүмкіндігі шектеулі жандар облыс прокуратурасына атқарылған жұмыстар бойынша ризашылығын білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.