You are here

ШҚО прокуратурасы облыс тұрғындарын «Отбасы үлгісіндегі балалар үй» жобасына қатысуға шақырады.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ШҚО прокуратурасы облыс тұрғындарын ерекше жобаға - отбасы үлгісіндегі балалар үйін ұйымдастыруға қатысуды ұсынады. Мәні: бірнеше баланы асырап алған отбасыға мемлекет ақша төлейтін болады.

Елімізде балалар үйлерін азайту бойынша бағадарлама пәрменді жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – жетім балаларды отбасында тәрбиелеу.  Бұл үшін мемлекет әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Еліміздің оңтүстігінде отбасы үлгісіндегі құрылған балалар үйлері оңды нәтижелерін көрсетті.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі – қала немесе аудан әкімдігінің қаулысымен немесе отбасы мен қамқорлық  және қорғаншылық органы арасында жасалған келісімшарт негізінде балалар үйінен 4-10 бала асырап алған отбасы. Балаларды асырап алған адамдар ай сайын мемлекеттен жалақы және мемлекеттік балалар үйлерінде кәмелетке толмағандарды асырау нормасы бойынша арнайы төлемдер алып отырады. Айта кететін жайт - баланы асырап алған ата-ананың екеуіне де жалақы төленеді. Осындай тәрбиенің маңызды жақтары көп - бала әрдайым өзін асырап алған ата-анасының қамқоры мен бақылауында өз сияқты басқа балалармен бірге өседі. Ал, асырап алған адамдар баланы тәрбиелеп, жеткізу үшін мемлекеттен жеткілікті қаражат алады.

Қазіргі кезде облысымызда балалар үйлерінде ата-анасының қамқорынсыз қалған 700-ден астам  жетім балалар тәрбиеленуде.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Балаларды бірге қорғаймыз» жобасы шеңберінде ШҚО білім беру басқармасымен бірлесіп, облыс тұрғындарын отбасы үлгісіндегі балалар үйін құруға қатысуды және жетім балаларды асырап алуды ұсынады.  

Егер Сіздер осындай игі іске қатысып, балаларды асырап алуға мүмкіндіктеріңіз болса, Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемесіне  8 (7232) 705941, 8 (7232) 705939 телефондары бойынша хабарласа аласыз.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.