You are here

ШҚО прокуратурасы ұрлықтарды төмендету бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ШҚО прокуратурасы биылғы жылдың жеті айында жасалған ұрлықтар санына талдау жасап, өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендегенін анықтады. Сонымен қатар, пәтер тонау ұрлықтары (30,9% 2571-ден 1776-ға), ұялы телефон ұрлықтары (7,1% 1838-ден 1708-ге) біршама азайған. Бұл көрсеткіштерге полиция органдарымен бірге қабылданған профилактикалық сипаттағы шаралар, сондай-ақ, өткен жылдың қазан айында өткен Үйлестіру Кеңесінде айтылған нақты ұсыныстар мен берілген тапсырмалар нәтижесінде қол жеткізілді.

600-ден астам пәтер тонаушылары ұсталған, олардың дені топпен жасалған көп эпизодты ұрлықтар жасағаны үшін күдікті. Мысалы, Өскемен қалалық №2 сотында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс қаралуда, олар 15 пәтер тонап, 20 млн. астам теңге залал келтірген. Соның ішінде телефон ұрлығының төмендеуіне ұрланған байланыс құралдарын сатып алудың алдын алу жұмысы әсер етті. Жыл басынан телефондарды тиісті құжаттарсыз сатқаны үшін 15 адам жауаптылыққа тартылды.

Ведомствоаралық жедел кеңес отырысында атап өтілгендей, бұл  бағыттағы жұмыс қайта қаралуы тиіс және кемшіліктері жетерлік. Ұрлықтардың жалпы саны төмендесе де, мал ұрлығы өршіп (14,6% - 192-ден 220- дейін), металл ұрлығы (110,1%  - 79-дан 166 дейін) және көлік құралдары ұрлығының саны (13,3%  - 263-тен 298- дейін) өсуде.

Қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін ұрлықтардың алдын-алу, жаңа әдістер мен технологияларды қолдану, халық арасында ақпараттық жұмыстарды күшейту ұсынылды. Мәселен, мал ұрлығын төмендету мақсатында үй жануарларына белгі салу, ет өнімдерін тасымалдау мен сату кезіндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту жұмыстарын жалғастыру және ауылдарда малды бірлесіп бағуды ұйымдастыруға көңіл бөлу қажет.

Түрлі-түсті және қара металл сынықтарының ұрлығын алдын-алу үшін  облыстың екі ірі қаласы – Өскемен мен Семейде темір қабылдайтын орындарды қайта тексеру жоспарлануда. Атап айтқанда, осындай қабылдау нүктелерін тексеру нәтижесінде 2017 жылы тиісті  рұқсат құжаттары жоқ 35 темір қабылдайтын пункт өз қызметтерін тоқтатып, 28 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Ұрланатын көлік құралдарының басым бөлігі - иелері үйлердің ауласында бей-жай қалдырып кететін велосипедтер, мопедтер мен скутерлер құрайды. Мұндай ұрлықтарды болдырмау үшін ішкі істер департаментіне патрульдік жасақтардың жолдарын аулалар мен көлік құралы тұрақтарының маңайымен жүретіндей етіп, қайта қарастыру ұсынылды. Адам көп жиналатын орындарда, әсіресе тұрғын үйлердің аулаларында бейнебақылау жүйелерін қондырып, ішкі істер бөлімдерінің жеке күзет ұйымдарымен нақты өзара іс-қимылдар жасау қажет. 

Кеңес соңында ұрлықтардың санын азайту жөнінде мақсатты жұмысты жалғастырып, олардың профилактикасы бойынша құрылған ведомствоаралық топтың қызметін ширату тапсырылды. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.