You are here

ШҚО прокуратурасында пробация мәселелері бойынша кеңес отырысына Мәжіліс депутаттары қатысты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында салалық заңнамадағы жаңа ережелер мен жазаларды орындау мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстанның Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

 

Ведомствоаралық кеңес отырысы облыс прокурорының міндетін атқарушы Құсайын Игембаевтың төрағалығымен өтті. Кеңес жұмысына құқық қорғау және атқарушылық органдардың, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник және Снежанна Имашева қатысты.

         Кеңес отырысының қатысушылары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау кезінде заңдылықтың жай-күйі мен бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған және сотталғандарды қалыпты өмірге бейімдеу мәселелерін талдады.

         ШҚО прокуратурасының 2-ші басқармасының қызметкерлері  заңнаманың жаңа ережелерін қолданумен байланысты бірнеше маңызды мәселелерді көтерді. Облыс прокуратурасының талдауына сәйкес, аумақтың тұрғындары сотқа дейінгі және постпенитенциарлық пробацияға баруға ынтасыз. 

         Депутаттар қолданылатын жұмыс әдістері мен туындаған проблемалар туралы баяндаманы мұқият тыңдап, заңнаманы қолдану мәселелері Мәжілісте талқыланады деп уәде берді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.