ШҚО прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті | Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

You are here

ШҚО прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Су тасқынына дайындық кезінде «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының талаптарын сақтау мәселесі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында өткен Үйлестіру кеңесінде қаралды.

Отырыста прокуратура қызметкерлері осы жылдың көктем айларында қалыптасқан су тасқыны ахуалын талдау қорытындылары мен төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. 

Осы жылы облысымызда, әсіресе, Глубокое, Шемонаиха және Зырян аудандарында, сондай-ақ, Семей және Өскемен қалаларында 1400 тұрғын үйді су басып, 3 мыңнан астам адам көшірілді.

Прокурорлар төтенше жағдайға ықпал еткен бірқатар себептерді анықтады, Ең алдымен, қалыптасқан қолайсыз ауа-райын есептемегенде, жауапты тұлғалардың өз лауазымдық міндеттерін лайықты орындамауы және немқұрайлық танытуы басты себеп болды.

Мысалы, Семей қаласында Ертіс бассейн инспекциясы Шүлбі ГСЭ негізсіз 1800 м3су ағызып, кептеліс тудырып, нәтижесінде, 290 тұрғын үйді және 437 саяжайдың су басып, «Қазақстан су жолдары» РМК-нің мүлкі зақымданды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жердің үстіңгі қабатындағы еріген суды қорғаныс құру арқылы ағызу, өзен арнасын, су ағызатын құбырларды, арықтарды, су сіңіретін жүйелерді  дамба, үймелер, су ағызу арналарын) тазалау жұмыстары жүргізілмей, арнайы техникалар алдын ала дайындалмаған.

Еріген қар мен жаңбыр суын ағызу жүйелері мүлде жоқ немесе бұзылған. Елді мекендердің маңында еріген қардың суын ағызу жұмыстары  жүргізілмеген. 

Сондай-ақ, отырыс барысында су тасқынын алдын алу шаралары және азаматтық қорғаныс органдарының материалдық-техникалық жабдықталуы да нашарлағаны байқалды.  

Мысалы, су тасқыны кезінде 85 мотопомпа барлық аймақтарға жетпеген,  орташа алғанда 4 қала және 15 ауданға судың орасан көлемін ағызатын 2-3 жабдық  қана бөлінген.

Су тасқынының тағы да бір факторы  - үй құрылысы кезінде жергілікті гидрология жағдайының ерекшеліктерін, су қорғау белдіктері мен аумақтарының ескерілмеуі, сондай-ақ, халықтың өз үйлерінің және ауласындағы учаскелердің жағдайына жауапсыздықпен қарауы болып табылады. 

Тағы да бір маңызды аспект – су тасқынына қарсы шаралар жүргізу алгоритмінің  және нақты құқықтық реттеуінің жоқтығы. Осыған байланысты, уәкілетті органдарға табиғи сипаттағы барлық апаттардың алдын алу және болдырмау бойынша әрекеттердің тәртібін реттейтін тиісті құқықтық актілерді әзірлеу шараларын қабылдау ұсынылды.

Бұдан да басқа, су ағызуын реттеу, суды қалыптастыратын аймақтарды зерделеу кезінде жергілікті атқарушылық органдар, ТЖ бойынша Департаменті мен мүдделі тұлғалар арасында тиімді өзара іс-қимылдар жасау ұсынылды. 

Осы жылы анықталған проблемалық аймақтарды анықтау мәселесі ерекше назарға алынып, ұсыныстардың орындалуына жауапты тұлғаларды  белгілеп, бақылау жоспарын құрып, 2019 жылдың көктеміне дайындықты қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға жол бермеу ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.