You are here

ШҚО прокуратурасында жер заңнамасының сақталуы талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселесі жөнінде ведомствоаралық кеңес отырысы өтті.          Кеңес отырысында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жылдың басынан бастап мемлекетке өткен жылмен салыстырғанда пайдаланылмаған жерлерді екі есе қайтарғаны атап өтілді. 2018 жылдың қаңтарынан бастап прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекет меншігіне кадастрлық құны 2 млрд.теңгеден асатын, жалпы алаңы 25,5 мың гектар 126 жер учаскесі қайтарылды.

Сонымен бірге, уәкілетті органдармен 251 мың гектар құрайтын осындай 222 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Алакөл мен Сібе көлдерінің жағалауын зерделеу бойынша көлемді жұмыс атқарылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша облыс аумағында алаңы 154 мыңнан астам гектар 200 жер учаскелері мүлде пайдаланылмайтыны, немесе жер заңнамасын бұзумен пайдаланылатыны анықталды. Олардың басым бөлігі Бұқтырма су қоймасының және қалалардың инфрақұрылымын дамытатын перспективалық аумақтарда орналасқан. Мысалы, Өскемен қаласында бұл Сәтпаев даңғылы, Самар тас жолы, 19 және 21 мөлтек аудандар.  

Облыс прокуроры қалған жер учаскелерін қайтару бойынша жұмысты ширатып, сондай-ақ, жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша барлық өзекті мәселелерді шешетін жұмыс тобын құрастыруын тапсырды.

Бұзушылықтарды анықтау, тексерулерді тіркеу, пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жалға алу шартын бұзумен байланысты аспектілерге назар аудару ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар нысандардың құрылысына бөлінген жерлерді алу туралы істер бойынша сот тәжірибесінің бір мағыналы еместігін, сондай-ақ, құқық қатынастардың осы саласын реттейтін заңнаманың қайшылықтары мен ақтаңдаңдақтарын талқылады.

Кеңес соңында прокуратура заң бұзушылықтарын жойып, алдағы уақытта  осы тектес бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде тапсырмалар мен нақты ұсыныстар берді. Ұтқыр топқа жұмыстың бірыңғай тәжірибесі мен өлшемдерін дәйектеу тапсырылды, бұл жер заңнамасын қолдану кезінде заңдылықты қамтамасыз етуде әрі қарай ілгерілеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қалағалау органында топ мүшелерінің әрекеттер алгоритмі дайындалды.

Бірлескен жұмыстың нәтижелерін ай сайын тыңдап, осы жылдың қазан айында түпкілікті қорытындылары шығарылатын болады. 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз-қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.