ШҚО прокурорлары әкімшілік істер бойынша сот отырыстарында қашықтықтан қатысады | Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

You are here

ШҚО прокурорлары әкімшілік істер бойынша сот отырыстарында қашықтықтан қатысады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қадағалау органының қызметкерлері әкімшілік істер бойынша сот отырыстарына қатысу үшін шалғай ауылдарға бармайтын болады.  Шығыс Қазақстан облысында «Прокурордың сотқа қашықтықтан қатысуы» атты жобасы жүзеге асырылуда. Мамандар осы жаңа әдіс әкімшілік істерді қарау уақытын оңайлатады және қысқартады деп есептейді.    

Жақында осындай сот отырысы Күршім ауданында өтті. Бейнеконференцбайланысы бойынша  аралығы 200 км. құрайтын Марқакөл мен Күршім ауылдарында орналасқан соттардың арасында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқықа қарсы әрекеттер» бабы бойынша әкімшілік іс қаралған. Осы іс соттың қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

«Прокурордың қатысуы міндетті болып табылатын осы тектес істерді сот аптасына 2-3 рет қарайды.  Басқа ауылда орналасқан сотқа бару үшін қызметтік көлік берілмейді, іссапар шығындары бюджеттен қарастырылмаған. Әсіресе, қыстыгүні ауыл арасында жол жүру қиынға соғады. Ал, сот отырысы небәрі 15-20 минутқа созылуы мүмкін. Енді соттың өндірісіне әкімшілік іс түскені және қаралатын уақыты туралы бізге хабарланады. Көрсетілген күні «True conf-online» лицензиялық  бағдарлама бойынша байланыс қосылады», – деді Күршім ауданының прокуроры Ерлан Тағаев.

Сот отырысы әдеттегі тәртіпте өткізіледі, судья прокурордың қашықтықтан қатысатыны туралы хабарлайды, сот отырысында дыбыс- және бейне- хаттама жүргізіледі.

Барлығы облыс бойынша ауылдарда орналасқан №2 соттардың арасы 100 километр құрайтын  7 (Үржар, Ұлан, Жарма, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай, Катон-Қарағай) ауданда  аталмыш бағдарлама іске қосылды. Қазіргі кезде сот отырыстарына қашықтықтан қатысу әдісі енгізілуде.  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.