You are here

ШҚО прокуроры 4 түзеу мекемесінде жеке қабылдау жүргізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы айда облыс прокуроры Өскемен қаласында орналасқан 4 түзеу мекемесінде жеке қабылдау жүргізді. Жеке қабылдау кезінде Бағбан Таимбетов 90 сотталғанды қабылдады.  

Қазіргі кезде, Шығыс Қазақстан облысының аумағында бір тергеу оқшаулағышы және 11 түзеу мекемесі бар, оларда 5 мыңнан астам сотталушы жазаларын өтеуде. Сотталғандар мен қамауда отырған тұлғалардың заңмен кепілденген құқықтарын сақтау – прокуратура органдарының қадағалау бағыттарының бірі болып табылады.    

Атап өту қажет, түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрақты мониторинг жасау үшін облыстың колонияларында  прокуроры кабинетінің институты енгізілген. Осы шаралар Бас прокуратураның «Қоғамға-азаптаусыз» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылған. Оның мақсаты – қылмыстық процессте және бас бостандығынан айыру жерлерінде азаптауды жою.

Жеке қабылдау барысында сотталғандарға нақты жауаптер беріліп, қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық заңнамалардың нормалары түсіндірілді. 37 сотталған өздерінің тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемелеріне ауыстыруды сұрады. Бұдан да басқа, денсаулықты жасқарту және дене шынықтыру үшін колонияларды қосымша спорт құралдарымен жабдықтау туралы шешім қабылданды.

Осы тектес, Семей қ. Жарма және Шемониха аудандарында орналасқан колонияларда облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.