You are here

ШҚО соттарында түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен дистанциялық сот мәжілістерін енгізуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ШҚО прокуратурасы сот органдары және қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесе сотталғандардың қолдаухаттарын қараудағы жаңа форматын енгізуде. Енді жазасын өтеушілердің жадығаттарын қарау барысында оларға сот ғимаратына келудің қажеті жоқ: сот мәжілісі онлайн-режимде өтеді.

  

        Қадағалау ведомствосы және Өскемен қаласының №2 соты жаңа форматтағы жұмысын енгізуде, бұл мемлекеттік бюджеттің жылына 14 миллионнан аса теңгесін үнемдеуіне мүмкіндік береді. Бұрын жазасын өтеушілерді сот мәжілісіне қатыстыру үшін түзеу мекемесінен сот ғимаратына этаппен жолдау қажет ететін, бұған бірәз қаражат жұмсалатын (тасымалдау, күзету, тамақтандыру). Тіпті қаражат шығыны сотталғандарды облыстық орталықтағы түзеу мекемелерінен апару кезіндеде жұмсалатын. 

        Сотталғандар қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес жаза өтеу барысында мерзімінен бұрын шартты түрде босату, өтелмеген жаза бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру және т.б. қолдаухаттар сотқа жолдауға құқылы.

        Осы істердің қаралуын барынша жеңілдету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап, Өскемен қаласының №2 сотымен бұндай жадығаттар бейне-конференц байланысы арқылы қаралуда. Тек бір аптаның ішінде осындай тәсілмен 35 сот мәжілісі өткізілген. Сотталғандармен олардың қорғаушылары және түзеу мекемесінің өкілдері сот процесінде бейнекөрім арқылы қатысады.   

        ШҚО прокуратурасында енгізілген жаңалық келешекте сот процесін тек жеңілдетіп қоймай, мемлекеттік бюджеттің қаражатын едәуір үнемдететініне сенімді.

        Бұндай тәжірибе келешекте Жарма, Шемонаиха аудандарында және Семей қаласында да енгізіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.