You are here

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы рет электрондық қылмыстық іс сот жолданды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысында алғашқы рет электрондық қылмыстық іс сот жолданды. - 1610917788

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында  «электронды қылмыстық іс» атты пилоттық жоба жүзеге асырылуда.  Осы жүйеде барлық тергеу әреткеттері үшін арнайы әзірленген үлгілерде барлық процессуалдық құжаттардың автоматтандырылғын түрде қалыптастырылуы қарастырылған. 

Қылмыстық процесті модернизациялау шеңберінде қадағалау органы қазіргі заманға сай цифрлік мүмкіндіктерді барынша қолдануда. 15 қыркүйектен бастап, электронды нысанда 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Барлық тергеу әрекеттері толық электронды нысанда жүргізілді.

Жобаны жүзеге асыру барысында ШҚО прокуратурасы осы жаңалықтың оңды тараптарын атап өтті: қағаз айналымы қысқарды, өтінішхаттар жедел қаралды, бұрмалау мен жалғандау мүмкіндігі жойылды, ашықтық қамтамасыз етілді, тергеушілердің жүтемелері азайды.

Прокурор қылмыстың тіркелуінен бастап тергеу барысын қазағбастылықсыз,  электронды нысанда қадағалауға мүмкіндік алады.

Бүгін біздің облысымызда алғашқы рет ШҚО МКД экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің тергеушілері банк қызметкеріне қатысты е-нысанда тергеуді аяқтады. Ол банк құпиясын ашып, мемлекетке 500 млн. теңге залал келтірген. Тергеу небәрі 6 тәулікте аяқталды.  

Процессуалды прокурор материалдарды электронды нысанда зерделеп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көзінше істі сотқа мән-жайы бойынша қарау үшін жолдады.

Болашақта сотқа дейінгі тергеудің цифрлік нысанда жүргізілуі қылмыстық істі қағаз жүзінде жүргізуін толық ауыстырады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.