You are here

Шығыс Қазақстан облысында күдіктіні азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облыстық сотында үш полиция қызметкерлеріне қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды.  Олар күдікті  тұлғаны азаптағаны үшін айыпталған. Риддер қалалық соты оларды кінәлі ден танып, жазаларын колонияда өтеуге соттаған.  

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасы күдіктіні азаптағаны үшін сотталған Риддер АІІБ-нің үш қызметкерлері Болатбеков, Бакенбаев және Купановқа қатысты бірінші сот сатысының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері полиция учаскесінің қызметтік бөлмесінде ұсталынған күдіктіден көрсетпелерді алу үшін ауыр дене жарақаттарын келтіргенін анықтады.

Істің тергелуін процессуалдық прокурордың қатысуымен мамандандырылған прокуратура жүргізген.  

Процесс барысында, мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп тануын сұраған.

Болатбеков пен Бакенбаев 3 жыл 6 айға  бостандығынан айыруға, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруға, жазасын қылмыстық- атқарушылық жүйе мекемесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге сотталған.

Купанов 3 жылға бостандығынан айыруға, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқарушылық жүйе мекемесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге сотталған.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.