You are here

Шығыс Қазақстан облысында үш жасар сәбиді өлтірген қылмыскер сотталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Үш жасар сәбіиді өлтірген деп айыталған ар адам ұзақ уақыт мерзімге сотталды.

Оқиға Аягөз ауданының бір шаруашылық қожалығында 2017 жылдың 1 мамырында орын алған. Ферманың қожайыны мас күйінде өз жұмысшыларының үш жасар баласына арақ ішкізген. Бала жылаған соң, ол оны жерге атып ұрған. Бала айғайлап шешесін шақырған, шешесі жүгіріп келіп, баласын жұбатпақшы болғанда, ферманың иесі оны қуып жіберіп, баланың үнін өшіру үшін оқтаумен 24 рет соққы келтірген.

Баланың өлгеніне көзі жеткен соң, ол баланың шешесін полиция қызметкерлеріне бала қораның шатырынан құлап өлген деп айтуға мәжбүрлеген. Жұмысынан және тұрып жатқан үйінен айырылып қаламын деп қорыққан әйел полиция қызметкерлеріне баласы қораның шатырынын құлап өлді деп хабарлаған. Кейіннен баланың шешесі полиция қызметкерлеріне болған оқиғаның себептерін бүкпесіз айтып берген.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының атынан сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушы соттан процесс барысында сотталушыны кінәлі деп тануын сұраған.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот сәбиді өлтірген қылмыскерге 16 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеуге соттады.

Облыстық соттың апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.