You are here

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы балаларды халықаралық мерекемен құттықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы балаларды халықаралық мерекемен құттықтады - 1640331303

1 маусымда «Алимент төле!» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ШҚО прокуратурасының қызметкерлері қамқорына алған балалардың үйлеріне барып, кең көлемді аакция өткізді. Балаларды қорғау күн мерекесі  қарсаңында олардың ата-аналарға заң көмегі көрсетіліп, балаларға әртүрлі сыйлықтар тапсырылды.  

Барлығы облыс прокуратурасы облыстың әр аумағында тұратын 225 баланы қамқорына алған. Өскемен қаласында тұратын 14 бала облыс прокуратурасы аппаратының қамқорлығында. Сондай-ақ, қамқорға алынған балалардың отбасыларына да жан-жақты көмек көрсетіледі.

Қадағалау органдары қамқорға алынған балалардың ата-аналарына әлеуметтік және заң мәселелері бойынша кеңес беріп, азық-түлік, ойыншықтар, кітаптар мен кеңсе тауарлары тапсырылды.

Алименттерді төлемеу мәселесі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының тұрақты бақылауында, Акция шеңберінде қадағалау органының қызметкерлері 171 отбасына және кәмелетке толмаған 225 балаға әлеуемттік көмек көрсеткен.  Бұдан да басқа, оларды жұмысқа орналастыру, жәрдемақы рәсімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша көмек көретіледі.

Жұмыссыз ретінде есепке қойылған 720 борышкердің 352 жұмысқа орналастырылды. 7 отбасына жәрдемақы, атаулы көмек және әлеуметтік төлемдер алу бойынша көмек берілді. 3 бала бақшаға орналастырылды, 5 балаға мектепке дейінгі  мекемелерде оқу үшін төлем төленді, 4 отбасына тұрғын үй жағдайларын жақсартуға көмек берілді. Барлығы, «Алимент төле!» акциясын жүзеге асыру жобасының басталуынан алимент бойынша берешек 1,6 млрд. теңгеден 990 млн. теңгеге дейін азайды.

Алимент бойынша берешекті азайту шараларының ішінде 3 700 борышкерге шетелеге шығуға тыйым салынды, 200 борышкерге көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған, 500 борышкер әкімшілік,  9 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.