You are here

Шығыс-Қазақстан облысының прокуратурасы «Мемлекеттік сатып алу бойынша прокурордың 10 кеңесі» атты әдістемелік ұсынымдар әзірледі.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Облыс прокуратурасында мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы мәселелерге арналған семинар-жаттығу өткізілді. Жинақталған тәжірибелік кеңестер тендерге қатысушылардың заңның бүге-шүгесін байыптауға көмегін тигізеді.

 

Қадағалау ведомствасы «Мемлекеттік сатып алу бойынша прокурордың 10 кеңесі» атты әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Заң кеңестерінің таныстырылымы «Азаматтық сот өнідірісі аясында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі» тақырыбында өткен оқу семинары кезінде өткізілді.

Бұл шара облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабердің төрағалық етушілігімен судьялардың, қазынашылық Департаменті, ішкі мемлекеттік аудит Департаменті өкілдерінің және облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен әскери бөлім қызметшілерінің қатысуымен өтті.

 Облыс прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу аясында мемлекеттік мекемелермен алынған тауар, жұмыс және қызметке байланысты туындаған азаматтық-құқықтық даулар тұрақты түрде сараланады. Заң бұзушылықтар анықталғанда прокурорлық шаралар қолданылады. Жылдың басынан бастап ведомства қызметшілерінің қатысуымен 700-ден астам азаматтық істер қаралған, соның ішінде 422-сі өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы істерге қатысты. 

Айта кетсек, істерді қарау барысында шартта міндетемені орындаудың нақты мерзімі көрсетілмеуі немесе 15 күнтізбелік күннен кем мерзімнің орнатылуы, талап арыз сотқа шекті 30 күндік мерзімнің бұзылуымен жіберілуі, қазынашылықта шартты тіркеу тәртібінің бұзылуы фактілері анықталды.

ШҚО прокуратурасының қызметшілерімен даярланған әдістемелік ұсынымында, сот өндірісі аясында жиі кездесетін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасының нормалары және сот процессіне қатысушысы әрбір тұлғаның білуі міндетті нормалар көрсетілген.  Облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабер бекіткендей «Мемлекеттік сатып алу бойынша прокурордың 10 кеңесі» ары қарай мемлекеттің мүддесін сапалы түрде қорғауға, заңнаманы бұзуды тыйдырып және сотта талап арыздың санын азайтуға көмегін тигізеді.

Шығыс-Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.