You are here

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы шағын футболдан жарыс ұйымдастырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы шағын футболдан жарыс ұйымдастырды - 2022791858

«Қазақстан халқына қызмет етіп, заңды қорғап, кәсіби команда болып, нәтижелерімен мақтаныш етуОсы жылы Бас прокуратура бастамашылық танытқан өзгерістер Бағдарламасы ұранымен шағын футболдан жарыс өтті. Онда прокуратура органдарының қызметкерлері, спорт ардагерлері, «Нұр Отан» мен «Ақ Жол» партияларының өкілдері қатысты.

 

Турнир «Восток» стадионында өтіп, оған Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Өскемен қаласының прокуратурасы, ШҚО құқықтық статистика және арнайы есептер Басқармасы, әскери және көлік прокуратуралары, «Нұр Отан» мен «Ақ Жол» партия өкілдері, футбол ардагерлерінің құрама командалары, сондай-ақ, студенттер қатысты. Жарыстың ашылуында облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабер барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі.

- Қоғамға жаңа үлгідегі – әділетті, ашық және тиімді прокуратура қажет, - деп атап өтті Виталий Николаевич. - Сондықтан, өзгерістердің жеделдігі мен маңыздылығын ескеріп, Бас прокуратура  өзгерістер Бағдарламасын  - «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды іске асыру тетігін әзірледі. Осы стратегиялық құжатта денсаулығы мықты ұлт еліміздің болашағы деп көрсетілген. Облыс прокуратурасы тұрақты негізде әртүрлі спорт шараларын өткізеді, оған біздің барлық қызметкерлер қатысады.

Командалық рух пен жоғары жетістіктерге ұмтылу тек спортта ғана емес, сондай-ақ, жұмыста та маңызды. Шағын футболдан өткен жарыс прокурордың жаңа үлгідегі кейпі әрқашан жинақы және сымбатты болуы тиіс екендігін көрсетті. Ал, біздің қызметкерлер осы талаптардың барлығына сай.

Өз кезегінде, шараға қатысқан кәсіби футболшылар  - спорт ардагерлері  жарыс ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, жастар арасында спортқа деген қызығушылық мен сүйіспеншілікті арттыру маңыздылығын атап өтті.

Турнир кезінде барлық командалар шағын футболдан үздік дағды мен жақсы дайындық көрсетті. Жарыс нәтижелері бойынша «Ақ жол» партиясының командасы жеңімпаз атанды, капитан осындай турнирді жыл сайын өткізіп, кубокты ауыспалы етуді ұсынды. Жарыстың соңында жүлделі орынға ие болған барлық командаларға грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.