You are here

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында бес қызметкерді құрметті демалысқа шығарып салды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында бес қызметкерді құрметті демалысқа шығарып салды - 121331033

Прокуратура органдарында ұзақ жылдары жұмыс атқарған 5 қызметкерді  салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды. Бұлар Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдау және сот актілерінің заңдылығын қадағалау Басқармасының бастығы Жангүдеева Бақтагүл Нұрахметқызы, Көкпекті ауданының прокуроры Мұхаметжанов Қуандық Тілеуханұлы, Курчатов қаласының прокуроры Даембаев Өміржан Бабыкенұлы, Тарбағатай ауданының прокуроры Жүсіпов Мұхтар Тұрсынұлы, Өскемен қаласы прокурорының орынбасары Глазунов Олег Борисович. 

Олардың әрқайсы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, заңға деген құрметті қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Олар 30 жылдан астам қадағалаудың сапасын арттыру үшін барлық шараларды қабылдады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлер бірнеше рет мемлекеттік наградаларымен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, облыс прокурорының алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.

Облыс прокуроры оларға адал қызмет атқарғаны үшін алғыс білдіріп, жауаптылығы, жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті. - «Сіздердің заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарының сақталуы жолындағы қажырлы еңбегіңізді, қызметтік парызыңызды аса жауаптылықпен атқарғыныңызды біз жоғары бағалаймыз. Сіздер прокуратура органдарының жүйесінде қызмет атқарған уақытыңызда жоғары кәсіби деңгейлеріңізбен,  мол тәжірибелеріңізбен аумақтың құқықтық дамуына зор үлес қостыңыз. Еңбек сүйгіштік және адамгершілік қасиеттеріңіз жас мамандарға үлгі болды. Сіздер құрметке лайықсыздар», - деді облыс прокуроры Құсайын Игембаев.

Әріптестер оларды шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт, отбасыларына аманшылық тіледі. Іс-шараның соңында құрметті демалысқа шыққан прокуратура органдарының қызметкерлері өз ұжымына бірлесіп атқарған жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді.  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.