You are here

Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар бейнекездесулермен марапатталады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының  түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген  сотталғандар бейнекездесулермен марапатталады - 146388816

Өскеменде бірінші рет ОВ-156/3 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға үлгілі жүріс-тұрысы үшін Skypе қызметі арқылы туыстарымен жүздесу мүмкіндігі берілді. Бейнекездесулерді облыс прокуратурасы ШҚО ҚАЖД-мен бірлесіп ұйымдастырды. Жаңа жоба колониядағы сотталғандардың қалыпты өмірге тез бейімделуіне ықпал етеді.

 

Бас прокуратураның «Ресоциализация- сен қоғамға керексің!» жобасының шеңберінде  Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы пилоттық режимде сотталғандарды туыстарымен кездесуін ұйымдастыру мақсатында «виртуалды кездесу» жүйесін іске қосты. Осы бастама өте ыңғайлы және қарапайым – бейнеқоңырау арқылы сотталған тұлға 15 минут өзінің туыстарымен жүздесе алады. 

Колонияда осы кездесу жүйесін пайдаланған  Алматы, Тараз және Екібастұз қалаларының тумалары бар. Эльнур Мамадов бөтен мүлікті қасақана жойғаны үшін сотталған. Ол өзінің ұлын екі жылдан бері көрмеген. Прокуратура ұйымдастырған іс-шара нәтижесінде Эльнур өзінің ұлымен және ата-анасымен жүздесті.  Тараз қаласының тумасы Евгений Полянский да өзінің бір жылдан бері көрмеген туыстарымен сөйлесуге мүмкіндік алды.

Атап өту қажет, бейнекездесулер сотталғандарға қысқа және ұзақ мерзімді кездесулерді ауыстырмайды, олар телефон коңырауларына теңестіріліп, 15 минутқа созылады. Осындай кездесулердің артықшылығы көп. Яғни, олар алыста орналасқан колонияларда жазасын өтеп жүрген сотталған туысына сабылып бармайды, жолға ақша шығармайды.  Сондай-ақ, бейнекездесулерде сотталған тұлға өзінің отбасының барлық мүшелерімен, яғни, туыстары, ата-анасы, балаларымен жүздесе алады. 

Егер жоба нәтижелі болса, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы оны аумақтың барлық колонияларына енгізуін жоспарлайды.   

 

      Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.