You are here

Шығыс Қазақстанға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов келді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстанға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов келді. - 1892549830

 

 

Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов келіп қайтты. Ол облыс прокуратурасының, экономикалық тергеу қызметінің ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ, түзеу мекемесіне барып, сотталғандардың қабылдауын жүргізді. 

 

Шығыс Қазақстан пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі - «Е-қылмыстық іс» бағдарламасы 15 қыркүйектен бастап сынақтан өтуде.

 

«Е-қылмыстық іс» электрондық жүйесі көптеген мәселелерді шешетін болады. Бұрмалау мен жоғалту деген болмайды. Тергеушінің жұмысы барынша ашық болады, себебі барлығы он-лайн режимінде тіркеледі»,- деді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

 

Облыс прокуратурасының қызметкерлері органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынастарын барынша оңайлататын жаңалықтар мен енгізілген өзгерістер, болашақта қандай жаңалықтар жоспарланатынын баяндады.  

 

Бұдан да басқа, облыс прокуроры Құсайын Игембаевтың бастамасымен прокурорлық шеберлік Мектебі құрылды. Онда қадағалаудың басқа салаларына бекітілген прокуратура қызметкерлеріне қылмыстық процестің жүргізуін және жедел тергеу амалдарын жүргізуін үйрететін болады.  

 

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Ерғали Мабиевтің айтуынша, электронды форматта 11 қылмыстық іс қалыптастырылған, олардың 3 сотқа жолданды, тінту жасау және айғақтарды алу үшін 17 талап-тілекке сот санкция берілді. Қылмыстық процесті оңтайландыру шеңберінде облыста тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөлімдерінде 84 айқын кабинет ашылды. Жақын арада барлық полиция бөлімдерінде осындай кабинеттер қызмет ететін болады.

 

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында облыс прокуратурасы аумақта ең өзекті болып табылатын, атап айтқанда, мүгедектердің құқықтарын, балалардың мүдделерін қорғау, әкімшілік тәжірибе, алимент өндіру мәселелеріне тоқталды.

 

 

«Қазіргі кезде облыста 58 мың мүгедек бар, облыстың әрбір 20-шы тұрғыны  - мүмкіндігі шектеулі азамат. Оларға арнайы көліктерді беру, жұмысқа орналасу, салық төлеуден босату, мүгедек балаларды оқыту кезінде олардың құқықтары жиі бұзылады. Біз бірқатар мәселелерді шешетін ведомствоаралық топ құрдық», - деді облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабер .

 

Оңды үлгілердің бірі – арнайы заттарды беруге 732 өтінім қанағаттандырылды, 30% мүгедек жұмыспен қамтылды. Коррекциялық білім беру бағдарламасы әзірленді, лайықты жағдайлары бар мектептер ашылды, 19 дефектолог оқытушының ставкасы енгізілді. Семей қаласында мүгедек балалар үшін балабақша ашылды, бюджетке негізсіз төленген сомаларды мүгедектерге қайтару әдістері қарастырылды.

 

Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері бірнеше ұсыныстар енгізді. Олардың бірі «Заңдылық» жобасы шеңберіндегі «Жазалардың әліпбиі» бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама нақты қылмыс үшін жаза мөлшерін есептейді. Осы жаңалық соттардың уақытын үнемдеп, ол енгізілген соң, тұлғаның кінәсі мен әрекеттерін саралау мәселесін шешуге мүмкіндік береді.  

 

Жұмыс сапарының соңында, ҚР  Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов «Колонияларда жұмыспен қамту - 2017» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ОВ-156/2 мекемесіне барып, жеке кәсіпкерлердің қызметімен танысты, 3 өндірісті сотталған тұлғалар,  ал 9 өндірісті «Еңбек-Өскемен» РМК ашты. Қазіргі кезде осы колонияда сотталғандардың 96% жұмыспен қамтылған. Түзеу мекемесінде Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов сотталғандарды қабылдады. Колонияға бару нәтижелері бойынша Марат Ахметжанов кәсіпорын ашқан сотталғандарды субсидиялауын заңмен бекіту, оларға жеңілдік беру мәселелерін зерделеуді тапсырды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.