You are here

«Сәтті отбасы – сәтті балалық шақ» жобасының шеңберінде Шемонаиха ауданында 80-нен астам балаға жан-жақты көмек көрсетілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шемонаиха ауданының прокуратурасы «Сәтті отбасы – сәтті балалық шақ» жобасын жүзеге асыруда. Қазіргі кезде осы акцияның шеңберінде 88 бала тәрбиеленіп жатқан 51 отбасыға көмек көрсетілді.  

Осы акцияны өткізу барысында аудан прокуратурасы кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар бірқатар қолайсыз отбасыларды анықтады. Көбінесе, осы отбасылардың мүшелерінің жұмыстары, тұрғын үйлері, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, материалдаық жағдайлары өте төмен.

Жобаны жүзеге асыру шеңберінде аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігінде прокуратура қызмектерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, АІІД, ЖПБ басшылары мен уәкілетті мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.   

Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері қолайсыз отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және қаржылай көмек көрсетті. Мысалы, қамту Орталығымен бірлесіп, қоғамдық жұмыстарға 14 ата-ана орналастырылды. Шаруашылық қожалықтары және кәсіпорындардың басшыларымен оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бұдан да басқа, 9 сынып бітірген кәмелетке толмаған 2 бала «Шемонаиха колледжі» ММ-де тегін оқитын болады. Алты отбасыға алимент өндіру туралы сотқа талап-арыз беру, облыстың уәкілетті органдарына заң тұрғысында сауатты құрастырылған өтініш беру мәселесі жөнінде құқықтық көмек көрсетілді.

Осы айда аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шағын футболдан жарыс, сондай-ақ, аудан прокурорының Кубогына «Өзгерістер заманы» атты« көңілді старт өткізді. Спорт жарыстарына 9 жастан үлкен балалар, тәрбиесі қиын жасөспірімдер, көмекке мұқтаж қолдайсыз отбасылардың балалары  қатысты. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және балаларды спортқа баулу.

Шемонаиха ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.