You are here

Тарбағатай аудандық прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлерге азаматтардың арыздарымен қалай жұмыс жасау жөнінде түсініктеме берді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тарбағатай аудандық прокуратурасы мемлекеттік қызметшілерге арнайы семинар кеңес өткізіп, мемлекеттік ведомстваларда «Прокуратура  туралы» жаңа Заңның күшіне енуіне байланысты мемлекеттік  ведомстваларда жұмыстардың қалай өзгерілетіндігін түсіндірді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың мекеме басшылары мен мамандары қатысты. Семинар тренингті аудан прокурорының м.а. Медіғатов Мақсат өткізді. Ол, жергілікті ведомстволардан келген қатысушыларға нақтылы арыз – шағымдарға ешқандай қателіктерге жол бермей жауап беру қажет екендігін айтты.

- «Прокуратура туралы» жаңа заң өкілетті органдар мен прокурорлардың жауапкершілік шектерін айқындайды анықтайды – деп мәлімдеді Медіғатов Мақсат.

Бас прокуратура бүгінгі күнде мемлекеттік органдардың басшыларының жеке жауапкершіліктерін көтеруге баса назар аударуда және әрбір азамат арыз бойынша нақтылы толық ақпарат алуүшін арыздарды қарау сапасын қатаң бақылауға алуда.  Прокуратура үшін басты міндеттер – ол шектелмеген адамдар қатары құқықтарын қорған және адамдардың өмірі мен денсаулығына келтірілген орны толмас зардаптардың алдын алу болып табылады.

 

Семинар жиынында «Азаматтардың арыз-өтініштерін қарау тәртібі» жөніндегі заң нормасы да талқыланды.  Аудан прокуратурасы мемлекеттік органдардың халықпен байланысын нығайту ролінің артуына байланысты  мемлекеттік органдарының қызметінде орын алған кемшіліктерді жою керек екендігі ескертілді. Қадағалау ведомствосының мәліметіне сәйкес 2015-2016 жылдары аудандық мемлекеттік мекемелер  өтініштерді басқа  органдарға  жолданғанда созбалаңға салып, нақты қарау үшін жолдау, арыз иесіне жауаптарын уақытында жолдамай оларға уақытында  құқықтары толық түсіндірілмеген.

Арыз-өтініш қарау барысында, арызда көрсетілген мән-уәждері әр жауапқа жеке және хронологиялық тәртіппен өтініште көрсетілген мәтінге сәйкес толық жолдап беру керек деді-Медіғатов Мақсат.

Семинар кеңеске қатысқан қатысушылар, аталған шараның өтілуі, халықпен тығыз байланыста болу, өтініштермен  жұмыс жасайтын уақытта олқылықтардың орын алмауын атап көрсетті.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.