You are here

Тарбағатай ауданы прокурорының міндетін атқарушы шалғай орналасқан елді мекендерге барып, жеке қабылдау жүргізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тарбағатай ауданы прокурорының міндетін атқарушы Мақсат Медіғатов Қытаймен шекаралас 4 ауыл округтеріне барып, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді. Тұрғындар өзекті мәселелерімен бөлісті. 

Тарбағатай аудандық прокуратурасының өкілдері жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Аудан прокурорының міндетін атқарушы орталығынан алыс орналасқан Ойшілік, Құйған, Жаңа ауыл Жеті арал ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.

Бас прокуратура ұсынған «Өзгерістер бағдарламасы» жобасы шеңберінде біз халықпен тығыз жұмыс жасау үшін ауданның ең шалғай елді мекендеріне барып көшпелі қабылдау жүргіздік, себебі, ауыл тұрғындарының 200 км.қашықтықта орналасқан аудан орталығына бару мүмкіндіктері бола бермейді, - деді Мақсат Медіғатов.. 

Іс-шараға жүзден аса адам қатысты. Ауыл тұрғындары мемлекеттік органдардың өкілдеріне шекара аумағына кіруге рұқсат алуына  байланысты мәселе туралы айтты. Осы мәселені Зайсан әскери бөлімі бақылауға алды. Қару-жарақты сақтау ережелеріне де қатысты көптеген сұрақтар қойылды.  Қылмыстық істерді қарау, әкімдік мен соттардың жұмысына байланысты сұрақтарға заңнама нормаларының түсініктемелері берілді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының негізгі жобалары туралы айтылды.

Тарбағатай ауданының прокуратурасы осындай шараларды жиі өткізетінін хабарлады.

 

Тарбағатай ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.