You are here

«Таза Жүрек» жобасының іске асырылуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысында пилоттық режимде Таза жүрек» жобасы жүзеге асырылуда. Жергілікті атқарушы органдар облыс прокуратурасымен бірлесіп, әлеуметтік фотосуреттер мен бейнероликтер арқылы аумақтың тұрғындарына ең маңызды тақырып – отансүйгіштік, бірлік, төзімділік және отбасылық құндылықтары туралы баяндайды.

WhatsApp, Viber, Telegram сияқты хабарламалармен жедел алмасу бағдарламалары пайдаланушылар арасында кеңінен таралған. Кейінгі кезде осындай мессенджерлер арқылы жағымсыз, шындыққа сай емес ақпараттар таратылады, сондықтан, адамдардың санасында, болып жатқан оқиғалар туралы теріс пікірлер қалыптасуы мүмкін. Әрбір адамның өмірінің маңызды және жағымды жақтары туралы, оның ішінде, зорлық-зомбылық, терроризм мен экстермизм идеяларын таратуға қарсы әрекет ету шеңберінде халықты хабардар ету үшін жергілікті атқарушы органдар мобильдік мессенджерлерді пайдалана бастады.

Мобильді мессенджерлерде теріс ақпараттың ықпал ету деңгейін төмендету үшін төзімділікті, отансүйгіштікті, отбасы институтын дамыту, мүгедектерді қолдау идеяларын насихаттайтын роликтер таратылады. 

Оңды роликтер мен уәжделген материалдар Өскемен қаласының әрбір ұйымдарының қызметкерлері арасында таратылатын болады. Материалдар арнайы әзірленген медиа-жоспардың шеңберінде жарияланады.  Яғни, бейнероликтер мессенджерлердің әртүрлі топтарында орналастырылып, спам-жолдауларға ұқсамай, нүктелі, біржолғы таратылатын сипатқа ие  болады.

Курчатов қаласында «Таза жүрек» акциясы өткізілгенін атап өту қажет. Жоба қаланың 50% пайыз халқын қамтыды. Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, таратылған роликтер оңды әсер еткен, себебі, оны алған (33%) адресаттардың көпшілігі өмірдің мәні туралы ойлана бастаған,  (28,6) оңды көңіл-күй сезінген, (14,3%) өмірлік құндылықтарды ой елегінен өткізген.

«Таза Жүрек» жобасын облыстың басқа қалалары мен аудандарында өткізу жоспарланады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.