You are here

Үлкен-Нарын ауылында кісі өлтіру оқиғасы бойынша БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 2 сәуірінде Катон-Қарағай ауданы Үлкен-Нарын ауылының 1985 жылы туған тұрғынына 1990, 1980, 1977 жылы туған үш жергілікті тұрғыны қарулы шабуыл жасады.

Жәбірленуші Катон-Қарағай аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқаратын ағасына хабарлаған Кейіннен құқық қорғау органының қызметкері туыстарымен шабуыл жасағандарды жергілікті техникалық қызмет көрсету станциясында тауып алған.

Қаруланған адамдар оларға оқ атып, нәтижесінде құқық қорғау органының қызметкерінің інісі жарақат алды.  АІІБ қызметкері де қарсы оқ атып, нәтижесінде, 1980 жылы туған ер адам ауыр жарақат алып ауруханада қайтыс болды. 1985 жылы туған жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілді. 1977 жылы туған үшінші ер адам оқиға болған жерден жасырынып, кейіннен ұсталған.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабы, 3 бөлігі «Бұзақылық», ал, полиция қызметкеріне қатысты  ҚР ҚК-нің 102 бабы «Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кейіннен АІІБ қызметкерінің әрекеттері кісі өлтіру, яғни, ҚР ҚК-нің 99 бабына қайта сараланған. Ол ұсталып, оған қатысты, «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қоғамдық резонансты ескеріп, объективті тергеу жүргізу мақсатында, облыс прокуратурасы ШҚО ІІД-мен бірлесіп, облыс прокуратурасының арнайы прокуроры басшылық ететін ведомствоаралық тергеу-жедел тобын құрды. Сондай-ақ, іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды (Катон-Қарағай ауданының прокуроры).    

Қазіргі кезде қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысын облыс прокуроры мен ШҚО ІІД-нің бастығы ерекше бақылауға алды.

 

ШҚО прокуратурасы мен ШҚО ІІД 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.