You are here

Ұлттық превентивтік механизмнің қатысушыларымен өткен кездесу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуоры Құсайын Игембаев Ұлттық превентивтік механизмнің қатысушыларымен кездесу өткізді.

Ұлттық превентивтік механизм – азаптау мен қатыгездіктің алдын алу бағытында өз тиімділігін дәлелдеген жаңа әдіс.

Оны басты идеясы – мемлекет бақылауындағы және заң құзіретіндегі  бас бостандығынан айырылған тұлғалар ұсталынатын немесе ұсталынуы мүмкін жерлерге тәуелсіз және тұрақты түрде барып тексеру жүйесін енгізу болып табылады. Осындай шаралар күшейту мақсатында, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру жерлерінде ұсталынатын тұлғаларды қатыгездіктен, азаптаудан, ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалардан қорғау үшін жүзеге асырылады.

ҰПМ қатысушыларының арасында – әйгілі заңгерлер, журналистер, құқық қорғаушылар, медициналық қызметкерлер болды.

Кездесу барысында қадағалау органының басшысы бостандығынан айыру жерлерінде тәуелсіз сарапшылардың мониторингтік кездесулерінің маңыздылығын атап өтті. «Олар мемлекеттік органдарға тежегіш құралы ретінде ықпал етеді, яғни, азаптау мен қатыгездік құрбанына айналу тәуекелін азайтады».

- «Сондай-ақ, прокуратура мен ҰПМ өзара тығыз қарым-қатынас жасауы қажет. Кез келген азаматтың құқықтары сақталуы тиіс. Бір күн ішінде біз барлық мәселелерді шеше алмаймыз. Біз осы бағытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруымыз қажет»,- деп атап өтті облыс прокуроры.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы уақытта сотталғандардың қабылдауын бірлесіп жүргізуін және облыстың басқа да жабық мекемелеріне баруын жоспарлады. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.