You are here

Үржар ауданының прокуратурасы медиация институтын қолдану жөнінде дөңгелек үстел өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Үржар ауданының прокуратурасы судьялардың, жергілікті әкімдік қызметкерлері мен медиаторлардың қатысуымен «Медиация» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу барысында атап өткендей, қазіргі кезде біреу құқық бұзса, ең алдымен құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгіну қажет деген тәжірибе қалыптасқан.

Алайда, кейбір адамдар туындаған дауды өз күшімен реттеуге тырысады. Нәтижесінде, олар озбырлық жасап, борышкерлерді қорқыту үшін үшінші тұлғаларды тартып, оларға күш қолданып, психологиялық қысым көрсетеді.  Осындай әрекеттер заңмен қарастырылған қылмыстық жауаптылық көздейді.

Осыған байланысты, 2011 жылдың 28 қаңтарында азаматтардың дауларды заң тұрғысында реттеуі үшін Қазақстан Республикасының «Медиция туралы» Заңы қабылданған.

Медиация – тартыс-дауларды шешетін келісімшарт құрастыру және өзара түсіністікке қол жеткізу мақсатында тартысатын тараптарды ерікті келісімшарт жасау арқылы  татуластыру рәсімі.

Татуластыру рәсімі мен медиция арасында үшінші бейтарап жақтар қатысады және оның іс-қимылдарынан татуласу нәтижесі байланысты, себебі, ол барлық тараптарды қанағаттандырады. Сонымен қатар, медиацияның негізгі қағидалары – бейтараптық, еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең қатысуы.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.