You are here

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» акциясын өткізу туралы БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«ЗАҢ КЕРУЕНІ» акциясын өткізу туралы  БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА - 1832488319

14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Семей қаласында «Мәңгілік елдің «Заң керуені» - «Караван закона» акциясын өткізді.

Іс-шара Ел Басының ұлттық идеясында құқық қорғау органдарын дамыту бойынша қалыптастырылған бірнеше бағытын жүзеге асыру болып табылады. Акция прокуратураның құқық түіндіру жұмысын күшейту туралы Бас Прокурордың тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды. 

«Заң Керуені» акциясының мақсаты - азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Прокуратураның қызметкерлерінен, қалалық әкімдіктің, «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер Палатасының өкілдерінен құрылған ұтқыр топтар қаланың  төрт жоғарғы оқу орындарында, сегіз ірі сауда кешендерінде, базарларында, вокзалдарында, шағын аудандарында азаматтардың қабылдауын жүргізді. 

Акцияға 1500 астам адам қатысты. Семей қаласы тұрғындарының өтініштері мен арыздары негізінде тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік саланы, еңбек құқығын қорғау, жер заңнамасы, азаматтық-сот қадағалау, тергеу және анықтау мәселелерін қозғады. 

Бұдан да басқа, кәмелетке толмағандардың арасында ақша бопсалау, еңбек құқық қатынастарының мәселелері бойынша жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнама мәліметтер талдануда.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы алғашқы болып «Заң керуені» акциясы кезінде кеңінен таралған әлеуметтік желілерінде онлайн-қабылдауын іске қосты, онда облыстың кез келген тұрғыны қадағалау органының қызметкеріне сұрақ қойып, жауап ала алу мүмкіндігін алды. Сөйтіп, акцияға тек Семей қаласының ғана тұрғындары емес, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарының қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жұмыс шеңберінде әлеуметтік желілерде қойылған 60 сұраққа заң түсініктемесі берілді.  

Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Таимбетов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Қоғамдық Кеңес отырысын өткізді. Бизнес-қоғамдастықтың ондаған өкілдері аумақ прокурорына өздерінің сұрақтарын қойып, жедел кеңес алды. Сондай-ақ, жер учаскесіне құжаттарды 1 жылдан астам рәсімдей алмаған екі кәсіпкер прокуратураның көмегімен сол күні өздерінің мәселелерін шешті.  

Сондай-ақ, Бағбан Таимбетұлы азаматтарды жеке қабылдап, Семей қаласының тұрғындары облыс прокурорына 20-дан астам сұрақ қойды. Азаматтардың барлық сұрақтарын прокуратура бақылауға алды.

Тексеру жүргізуді талап ететін арыздар бойынша акцияның барлық қатысушыларына Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық қажетті түсініктеме береді.

 

         Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.