You are here

Жарма ауданының прокуратурасы ізгілік эстафетасын өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Жарма аудандық прокуратурасының қызметкерлері  қайырымдылық концерт өткізу  барысында  900 мың теңге жинады. Концерт мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды. Біздің облыста ғана емес, сондай-ақ, бүкіл республикаға танымал жергілікті әртістер өз өнерлерін көрсетті. Сахнада ұйымдастырушылар мен аудан прокуратурасының қызметкерлері де әйгілі әндерді орындады.

Облыс прокуратурасының «Таза жүрек», «Берекелі отбасы-бақытты балалық шақ» акциялары  аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау үшін қайырымдылық концерт ұйымдастырды. Қазіргі кезде ауданда 508 баласы тәрбиеленетін 145 аз қамтылған отбасы бар. Барлық балаларды жан-жақты көмекпен қамту – аудан прокуратурасы бастамашылық танытқан ізгілік эстафетасының негізгі міндеті болып табылады.

Жиналған ақшалай қаражат Жарма ауданының жастар Үйінде салтанатты түрде тапсырылды. Ауылдықтарға концерт көрсетіліп, қамту Орталығымен бірлесіпөткізілген бос лауазымды орындардың жәрмеңкесінде  13 адам жұмыспен қамтылды. Сол күні аудан прокуроры Сабыржан Слямханов азаматтардың жеке қабылдауын жүргізіп, тұрғындардың мәселелерін жеке бақылауға алды.    

Жарма ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.