You are here

Жарма ауданының прокуратурасы кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жарма ауданының прокуратурасы аудан аумағында экономикалық қызметпен айналысатын кіші және шағын бизнес өкілдерімен «Шенеунік – кәсіпкер» атты кездесу өткізді.

Өткізілген іс-шара аясында барлық қатысушыларға ҚР кедендік және кәсіпкерлік Кодексінің нормалары түсіндіріліп,  жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауының негізгі бағыттары аталып өтті. Прокуратура қызметкерлері бизнесті тексеру мәселелері, сондай-ақ, бақылаушы органдардың шешімдері мен әрекеттерін даулау тәртібін түсіндірді. Кәсіпкерлер аудан прокуратурасының өкілдеріне өздерін қызықтыратын мәселелері бойынша тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

Кәсіпкерлер құқықтарының бұзушылықтарына дереу және уақтылы ықпал ету мақсатында Жарма ауданының прокуратурасы барлық бақылаушы органдар мен кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен тұратын ұтқыр топ құрды.

Бұдан да басқа, тұрақты негізде аудан прокурорының жанында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Кеңес қызмет істейді. Оның отырыстарында өзекті мәселелер қаралады. Осы бағытта кәсіпкерлер Палатасымен өзара тығыз қарым-қатынас жасайды.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасы «Колониядағы бизнес» жобасын жүзеге асырылуын жалғастыруда. Қадағалау органының қолдауымен ҚАЖД ОВ 156/18 түзеу мекемесінде пластик терезелер шығарылып, құс фабрикасы ашылды. Жыл ішінде тауықтың саны 1000-на 3000-ға дейін артқан.

 

Жарма ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.