You are here

Жарма ауданының прокуратурасы спартакиада өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жарма ауданының прокуратурасы облыс прокуратурасының «Таза Жүрек» және Колонядағы Бизнес- 2017» жобаларын жүзеге асыру мақсатында  ОВ 156/18 түзеу мекемесінде Жарма ауданы прокурорының кубогіна арналған спорттық іс-шараларын өткізілді.

Жарма аудандық прокуратурасы, түзеу мекемесі қызметкерлерінің, кәсіпкерлердің және сотталғандардың құрама командаларының қатысуымен спорттық іс-шаралар футболдан, шахматтан және үстел теннисінен өткізілді.

«Таза Жүрек» жобасының басты мақсаты - позитивті, патриоттық және жігерлендіретін материалдарды тарату арқылы, адамдарда жағымды мінез қалыптастырып, қоғамға пайдалы, жанашыр азаматтарды дайындау болып табылады.

         Облыс тұрғындарының арасында осы Жоба көбіне әлеуметтік желілерді пайдаланып жүзеге асырылуда.

         Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген азаматтар әлеуметтік желілерге шығу мүмкіндігі жоқ екендігін назарға алып, аудан прокуратурасы аталған Жобаны Түзеу мекемелерінде жүзеге асыруды жөн көрді.

         Жарма ауданының прокуратурасы Түзеу мекемесі ғимаратының қабырғаларында позитивті, патриоттық және жігерлендіретін материалдар орналастырды. Сонымен қатар, сотталғандарға осы бағыттағы бейнероликтерді көрсету жоспарлануда.

         Бұл Жоба сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, жағымды мінез қалыптастыру, отбасына, қоғамға оң көзбен қарайтын адамды дайындаудың маңызды қадамы болып табылады.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы дайындаған «Колониядағы Бизнес -2017» атты Жоба да колонияда енгізілді.

         Осы Жоба аясында Түзеу мекемелеріне кәсіпкерлік субьектілері тартылып, жаңа жұмыс орындарын және табыс көздерін ашу насихатталды.

         Жарма ауданының прокуратурасы аталған екі жобаны түзеу мекемесінде жүзеге асырып, кәсіпкерлер және сотталғандар арасында ынтымақтастық орнатты.

         Аудан прокуратурасы сотталғандардың әңгімен өткізіп, олардың кәсіпкерлікпен айналысуын насихаттап, ізгілік қасиеттер мен құндылықтарды түсіндіру арқылы, оларды тәрбиелеудің жаңа тиімді жолын бастады.

         Аталған іс-шара «Қазақстан» телеарнасында жарияланып, Республика аумағында көрсетілді.

Жарма ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.