You are here

Жеке жобаларды жүзеге асыру туралы БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ШҚО прокуратурасы Бас прокуратураның жобаларын жүзеге асыру барысын қорытындылады. Спикерлер журналистерге азаматтардың, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау бойынша іс-шаралар нәтижелері туралы баяндады.

 

ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖОБАЛАРЫ:

        

«Қоғамдық жұмыстар – ізгі азаматтық тәрбиелеу кепілі»

         Осы жобаның өзектілігіне байланысты қазіргі кезде жазаларды ізгілендіру бойынша мәселелер,  яғни, бас бостандығынан айыру жазасының балама әдістерін қолдану мәселесі қарастырыла бастады. Қоғамдық жұмыстар арнайы мамандықты қажет етпейді және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:  аумақтарды көгалдандыру, абаттандыру, орман-парк шаруашылығын, туризм және демалыс аумақтарын, ауыл шаруашылық жұмыстарын дамыту,  ауыл шаруашылығы өнімдерін  дайындау, өңдеу сақтау және т.б.    

         Сотталған тұлға үшін кез келген жаза, қоғамдық жұмыстар құқықтық шектеулермен байланысты. Атап айтқанда, ол жазаны өтеудің алдын ала құрастырылған жоспарының талаптарын орындап, құқыққа қарсы әрекеттерді жасамауы тиіс, себебі, осы әрекеттердің құқықтық салдары бар - бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, еңбегі мен демалысына сыйақы алу құқығы сияқты конституциялық құқықтары шектеледі.

         Жобаны жүзеге асыру мезетінен бастап, қылмыстық құқықтық бұзушылықтар бойынша қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындау саны өскен: жазалардың жалпы жүйесінде қоғамдық жұмыстардың үлестік салмағы 20% -дан  31%- ға дейін өскен. Қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен айыптау үкімдерінің ең көп санына Үржар (96,4%), Тарбағатай (90,4%), Көкпекті (86,6%), Аягөз (86,1%) аудандарының прокуратуралары  қол жеткізген. Нәтижесінде жоба жүйелі жұмысқа айналды.      

 

«Жастар және дәстүр» жобасы

         Облыс прокуроры Бағбан Таимбетовтың бастамасымен аумақ мектептерінде пилоттық режимде  «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» оқу курсы енгізілді. Оның негізгі мақсаты -  балалардың мәдени деңгейін арттыру, экстремизмнің таратылуына қарсы әрекет ету.  

         Екінші жартыжылдық ішінде осы пән факультатив ретінде бесінші сынып оқушыларына дәріс берілді. Оқу жылының соңында нәтижелер шығарылды. Сарапшылар жүргізген талдау осы пәннің жоғары тиімділігін көрсетті. Оқушылардың салт-дәстүрлерін білу деңгейі қаңтарда 68,7%,  мамырда 87,2% дейін өскен.

         Талдау нәтижелері білім және ғылым Министрлігіне жіберілді. Әрі қарай, «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні республиканың барлық аумақтарында оқытылатын болады.

 

«Балық ресурстарын қорғау» жобасы

         Барлық шаралар кешені Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасында балықтар түрінің қорын молықтыру және сақтауға бағытталған. Прокуратура құзіретті органдармен бірлесіп, браконьерлікке қарсы әрекет ету үшін профилактикалық шаралары мен рейдтер жүргізді. Балық түрлерін молықтыру үшін халықаралық сарапшылар тартылды. Атап айтқанда, прокуратура мен құзырлы органдар балық аулау ережелерінің екі мыңнан астам бұзушылықтарын анықтады. 

         Қабылданған шаралар нәтижелері бойынша ғылыми ұйым («КазНИИРХ»ЖШС-нің Алтай филиалы) көксерке балығының көлемін 4 мыңнан 6 мыңға дейін арттырған, (50%). Балықтандыру 2 есе өсіп, көксерке шабақтарын алудың жаңа әдісі іске асырылды.  

 

«Таза жүрек» жобасы

         Мақсаты – «WhatsApp» сияқты әйгілі мобильді мессенджерлерле арнайы топтарды құрып, оңды, патриоттық материалдарды тарату. Қадағалау органының басты міндеті – аумақ тұрғындарына теріс ақпараттық ықпал ету деңгейін төмендетіп, отбасы құндылықтары, отансүйгіштік, жасампаздықты насихаттау. Идеяны Бас прокуратура қолдады.

«Таза жүрек» жобасының іске асырылуы Курчатовта басталды. 1380 топ құрылып, 2549 материал орналастырылды, 77,9 мың адам қамтылды.

         Әлеуметтік зерттеулер осы бейнематериалдардың адамдарға оңды ықпал ететінін, көптеген азаматтар өмірдің мәні туралы ойланғанын (33,3%), жақсы көңіл-күй сезінгенін (28,6%) немесе өмірлік құндылықтарын  ой елегінен қайта өткізгенін (14,3%) көрсетті.

 

«Жалақы - уақытында»

         Негізгі міндетжұмыс берушінің тарапынан жалақы бойынша берешекті азайты. Нәтижесінде  өткен жартыжылдықта аумақ бойынша 368,6 млн.теңге сомасында жалақы бойынша берешек өтелді. 12 кәсіпорынның берешегі жойылды. 5 042 жұмысшының конституциялық құқықтары қорғалды.

 

«Сәтті отбасы – сәтті балалық шақ»  және «Қауіпсіз жол» жобалары

         Бірінші жоба қиын өмірлік жағдайларға тап болған жасөспірімдерге бағытталған, ал, екінші жоба балалардың мектепке баратын жолдың қауіпсіз бағдарын құрастыру үшін арналған. Екі жоба да Бас прокуратураның «Балаларды бірге қорғаймыз!» Жол картасы аясында жүзеге асырылады.

         «Қауіпсіз жол» жобасы оқушылардың ата-аналарынан көптеген оңды пікір алды: оқытушылармен бірлесіп құрастырылған карта балалардың мектепке барар жолында қауіпті жерлерді айналып өтуге мүмкіндік береді (бос жерлер, ішімдік ішетін орындар және т.б.), нәтижесінде жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың санын азайтады.  

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.