You are here

Жеңіс Күні мерекесі қарсаңыда Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы шырша аллеясын отырғызды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жеңіс Күні мерекесі қарсаңыда Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы шырша аллеясын отырғызды - 925669739

Алтыншы мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Отан қорғаушылар Күнін және Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті. Прокурорлар прокуратура органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, Ұлы Отан соғысына қатысып, бақилық болған ардагерлерді еске алды. Олар мемориалға гүл дестелерін қойып, шырша аллеясын отырғызды. 

Осы мерекеге Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының басшылығы Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында бейібт уақытында қызмет еткен еңбек ардагерлерін шақырды. Ардагерлер мен майдангерлер облыс прокуратурасы ғимаратының алдындағы мемориалдық тақтаға гүл қойды.

Іс-шара барысында облыс прокуратурасы ғимаратының алдындағы шағын аллеяда шыршалар отырғызылды.. Прокуратура ардагерлері мен  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері отырғызған шыршалар бірнеше жылдардан кейін аспанға биіктеп, ұзақ жылдарға асыл ардагерлер ерлігінің мәңгі естелігіне айналады.

- Жеңіс Күні  – ерекше мейрам, бұл аталарымыздың ұлы ерлігін еске алу мерекесі, - деді облыс прокурорының міндеті атқарушы Нұрлан Бижанов. Осы күні біз өз Отанын ерлікпен қорғаған сарбаздардың батырлығы мен қаһармандылығын еске аламыз. Бүгін біз ардагерлерді ғана емес, сондай-ақ, осы ұрпақтар сабақтастығын сақтап, батырларымыздың ерлігін дәріптеу үшін студенттер мен жастарды шақырдық. Ел Басы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда еліміздің дамуындағы ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына аса мән береді, сондықтан да, бабаларымыздың тәжірибесі мен білімі жігерлі жастарымызға айрықша үлгі болуы тиіс.

Іс-шараның соңында ардагерлер студенттермен жүздесіп, соғыс жылдары және прокуратура органдарындағы қызметі туралы баяндады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.