You are here

Ж.Ертаевты қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту фактісі бойынша БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 23 қаңтарында Өскемен қ. ІІБ Ертіс полиция бөлімі «Че Гевара» түнгі клубында бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. 2016 жылдың 23 ақпанында қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған.

Тергеу барысында күдікті тұлға полиция қызметкерлеріне өзі бұрыннан танитын Ж.Т.Ертаевтың анкеталық мәліметтерін айтқан.

Ал, тергеушілер қылмыстық-процессуалдық кодексінің нормаларын бұзып, күдіктінің анкеталық деректерін толық тексермей, тергеу нәтижесінде күдікті берген деректерді пайдаланған.

2017 жылдың 28 наурызында Өскемен қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі өндірісті қысқарту туралы қабылданған процессуалдық шешімді бұзған. ШҚО бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасының ақпараттық жүйесінде Ж.Т.Ертаевты қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер алынып тасталды.

Облыс прокуроры Бағбан Таимбетовтың бұйрығымен Ж.Ертаевтың құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдамаған  прокуратураның кінәлі қызметкерлері қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды.  

Аталған бұзушылықтар Ж.Ертаевтың мүдделері мен ар-намысына нұқсан келтірдц. Өскемен қ. ІІБ-нің қызметкерлеріне қатысты немқұрайлық таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ІІД-нің жеке қауіпсіздік Басқармасына тапсырылды. Іс облыс прокурорының ерекше бақылауында.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.