You are here

Жұмыспен қамту органдары мүгедектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін арттырып көрсетуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ШҚО прокуратурасымен жұмыспен қамту органдарының мүгедектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін артырып көрсету жайттары анықталды.

Қадағалау органы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарының сақталуы талдауын жүргізді.

Өзге заң бұзушылықтармен қатар, прокурорлар Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасында мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесінің түбегейлі шешім таппағанын анықтады.

Басқарманың есебі бойынша, ақырғы төрт жылдың ішінде жұмыспен қамту органдарына 4016 мүгедек жұмысқа орналастыру сұрағы бойынша арызбен жүгініп, 2241-і (55 пайыз шамасында) жұмыспен қамтылған.

Алайда, прокуратура анықтағандай, көрсеткіштер мейлінше арттырылған.

Бұл үшін, әр түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеген әрекеті шектеулі бір адамға қатысты мәліметті бірнеше адамды жұмысқа орналастырғандай етіп көрсету қолданылған.

Мысалы, 2016 жылы «Т» есімді мүгедек төрт мәрте қоғамдық жұмыстарға қатысып, тек соңғы жұмыс орнында тұрақты жұмысқа орналасқан. Бірақ қорытыңдысы есепте Басқармамен 5 мүгедек жұмысқа орналастырылды деп көрсетілген.

Басқа мысал. «И» есімді мүгедек бір мәрте Жастар бағдарламасы аясында және төрт мәрте қоғамдық жұмыстар аясында жұмыс істеген. Бұл жағдайда да 5 мүгедек жұмысқа орналастырылды деп саналған. Жиыны прокурорлар 209 ұқсас жайтты анықтады.

Нәтижесінде, бір мүгедектің жұмысқа орналасуы бірнеше мүгедектің жұмысқа орналастырылуы ретінде есепке еніп отырған.

Тексерудің соңында, жыл сайын шамамен 1200-ден астам мүгедек жұмыспен қамтуға мұқтаж болса, бекітілген квота арқылымен оның тек 10 пайызы (138 мүгедек) жұмысқа орналастырылған.

Бұл ретте, соңғы төрт жыл ішінде 435 мүгедектің өз бетімен жұмысқа орналасқандығын атап өту маңызды. 

Төмен көрсеткіштер уәкілетті органның қолданыстағы заңды сақтамауы және орындамауымен байланысты.

Заң бойынша әр тоқсан сайын жұмыс берушілер жұмыспен қамту органдарына мүгедектерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлауы қажет.

Бірақ тәжірибеде жұмыс берушілердің 70 пайызы (386 кәсіпорынның 271-і) жұмыспен қамту органдарына мүгедектерді жұмысқа орналастырғаны жайлы мәлімет жібермейді.

Заң талаптарын біле тұра, жұмыспен қамту органдары аталған жайттар бойынша еңбек инспекциясына хабарламайды.

Нәтиже - төрт жылдың ішінде әкімшілік жауапкершілікке бір де бір жұмыс беруші тартылмаған. 

Өз кезегінде, еңбек құқы бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандар қадағалау органының сенім телефонына хабарласа алады - 8 (7232) 243299. 

Шығыс-Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.