You are here

Конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы стажына байланысты лауазымдық айлықақысының көлемi 76 235 теңгеден 103 142 теңгеге дейінгі C-RGR-5 санатындағы Риддер қалалық және Шемонаиха, Глубокое (2 бірлік) аудандық прокуратурасының прокуроры бос лауазым орындарына 01.11.2016 ж. конкурс жариялаған.

Біліктілік талаптары: білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес байланысты – жоғары кәсіби білім;

Құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығы; 

Нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білімі мен дағдысының болуы.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 21, пошталық индексі 070004 тел.
8 (7232) 24 18 34 факс 8 (7232) 24 18 34, кадрлық жұмыс басқармасы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2016 жылы 25 қарашаға дейін.  

Қажетті құжаттар тізімі:  

1)       Өтініш (нысанға сәйкес);

2)       Сауалнама (нысанға сәйкес);

3)       Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (нысанға сәйкес);

4)       Қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);

5)       Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6)       Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7)       Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8)       Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9)       3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10)  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11)  Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12)  Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13)  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14)  Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіле тігіліп тапсырылуы тиіс.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.